VIS- Шенген елдері арасындағы виза мағлұматтарымен бөлісу жүйесі. VIS-нің негізгі қызметі визаға өтініш тапсыру процедурасы мен шекарадағы бақылауды жеңілдету, сонымен қатар өтініш беруші қауіпсіздігін жоғарылату болып табылады.
11 қазан 2011 жылдан бастап Шенген елдерінің виза ақпараттық жүйесі (VIS) жұмыс істейді. Шенген елдерінің виза орталықтары бірте-бірте VIS жүйесіне қосылды.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан, Өзбекістан, Иран, Түркменістан, Әзербайжан, Армения елдерінде неміс өкілдіктері VIS 01.01.2016 орталық ақпарат жүйесіне қосылды. Осы күннен бастап барлық шенген визаға өтініш берушілер саусақ іздерін тапсырады!
Осы күннен бастап, VIS -ды биометриялық деректерді тапсыру процедурасына еңгізуіне байланысты келесі өзгерістер пайда болды:
- Өтінішті бірінші рет тапсыратын өтінуші биометриялық деректерді тапсыруға өзі келуі керек: он саусақ іздері және 2 фотосурет алынады.
- Биометриялық деректер бірінші тапсырылғаннан кейін VIS жүйесінде 59 ай сақталады және осы уақыт аралығында қайта қолданыла алады, бұл жағдайда өтінушінің өзінің келгені міндет емес.
- Шенген келісім шарты бар елдерге кіру кезінде шекара органдары VIS жүйесі арқылы саяхатшының жеке тұлғасы жайлы ақпаратты тексере алады.
Саусақ іздерін тапсыру талабына жатпайтын тұлғалар:
- 12 жасқа толмаған балалар
- саусақ іздерін дене кемшіліктеріне байланысты тапсыра алмайтын тұлғалар
- мемлекет және үкімет басшылары немесе ұлттық үкімет мүшелері жұбайларымен, егер шенген елдер кіметі немесе халықаралық ұйымдар оларды ресми түрде шақырса Жеке бастың қатысуы қажет.
Жеке қатысу қажет. Саусақ іздерін Германия елшілігі немесе басқа Шенген серіктестері растаған адамдар ғана келуге міндетті емес. Визаға өтініш беру үшін сіз әлі де жеке қатысуыңыз керек.
